2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында «Адами капитал, білім және прогресс – Халық Конституциясының негізгі құндылықтары» тақырыбында Республикалық тамыз конференциясы өтті

2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында «Адами капитал, білім және прогресс – Халық Конституциясының негізгі құндылықтары» тақырыбында Республикалық тамыз конференциясы өтті

✅ 2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында «Адами капитал, білім және прогресс – Халық Конституциясының негізгі құндылықтары» тақырыбында Республикалық тамыз конференциясы өтті. Конференция жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен педагогтер қатысты. Іс-шарада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөз сөйлеп, адами капиталды дамытуда, білімді, ойлайтын және отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеуде мұғалімнің ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Форум барысында білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби біліктілігін дамыту, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Конференцияда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова да сөз сөйлеп, білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мен жаңа оқу жылына арналған өзекті міндеттерді таныстырды. Республикалық тамыз конференциясы ашық диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және білім беру саласын одан әрі дамытудың маңызды мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Жаңа оқу жылы педагогтеріміз бен оқушыларымыз үшін жаңа мүмкіндіктерге, кәсіби жетістіктерге және жарқын жеңістерге толы болсын!