«Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді»
2025 жылдың 28 сәуірінде Ұлытау облысының білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету жолдарын айқындау тақырыбында Қазақстанның еңбек сіңірген ұстаздары, педагог-шеберлерімен кеңес өткізілді.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»-дегендей Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Үздік педагогтерге құрмет көрсете отырып, алдағы уақытта бірлесе сапалы білім, мықты тәрбие беру барысында тәжірибелік бағыт-бағдар беруді жаңғырту, кеңінен таратуды көздеді.
Атап айтқанда, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстаздары:
Керимбекова Ляззат Икрамовна
Нуршина Рысжан Аманжановна
Арунов Мақсат Әнуарұлы
Педагог-шеберлер:
Ералиева Гуляйша Саурбаевна
Багдашкина Ирина Васильевна
Калманбаева Асия Курметовна
Захарова Наталья Анатольевна
Денисюк Светлана Николаевна
Иоцус Витас Антанас
Ержан Гүлмира Әбдіханқызы
Жунусова Айнур Бактияровна
Кеңес барысында Үздік педагогтар алғашқы ұсыныстарын жолдады-
мұғалімнің жеке және кәсіби қасиеттері заманауи талапқа сәйкес болуы:
Ең бастысы – педагогикалық әдеп. Ол мұғалімнің ең басты моральдық қасиеттерінің бірі.
Кеңестің қорытындысы бойынша Ұлытау облысының педагог-шеберлері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстаздары қажырлы еңбектерімен жеткен жетістіктерін ортаға салып, бөлісуге әрдайым дайын екендерін жеткізді.