
Бүгін Жезқазған қаласының білім бөлімінің әдіскері Манасбаева А.Б. және білім беру ұйымдарының басшыларымен Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409, 127 және 127-1 баптары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді. Атап айтқанда, білім беру саласындағы заң талаптарын сақтау, ата-аналардың міндеттері, педагогтердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер туралы уақтылы хабарлау міндеттері және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды. Кездесу барысында қатысушыларға әкімшілік іс қозғау тәртібі, қажетті дәлелдемелерді жинақтау және білім беру ұйымдарының жауапкершілігі туралы толық ақпарат берілді. #білім #заң #құқықбұзушылықтыңалдыналу #білімберу #педагогқұқығы #балаларқұқығы