Отырысқа Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Н. Жакупбекова қатысты.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі бойынша А.Т. Мұңсызбаева «2024–2026 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі Жол картасының» орындалуы және іске асырудың проблемалық тұстары туралы баяндама жасады.
* діни тұрақтылық пен этносаралық келісімді сақтау
* діни радикализмнің алдын алу
* халықтың діни сауаттылығын арттыру
* жастар арасындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту
мәселелері кеңінен талқыланды.
Қазіргі таңда ғаламтор арқылы экстремистік контенттің таралуының артуы ерекше назарға алынды.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екені атап өтілді.