"Жайлы мектеп” жобасы аясында жаңа оқу жылының ашылуына дайындық бойынша жұмыс кеңесі

"Жайлы мектеп” жобасы аясында жаңа оқу жылының ашылуына дайындық бойынша жұмыс кеңесі

 Бүгін «Жайлы мектеп" – №12 жалпы білім беретін мектепте» жаңа оқу жылының ашылуына дайындық бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңесте кадрлық қамтамасыз ету және қажетті құжаттамаларды рәсімдеу мәселелері талқыланды.
Кеңеске облыс әкімінің орынбасары З. Акылбекова, Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Жакупбекова, Білім басқармасының, сондай-ақ Жезқазған қаласының білім бөлімінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында негізгі міндеттер айқындалып, оларды орындау мерзімдері белгіленді және барлық тараптардың тиімді өзара іс-қимылы бойынша шаралар келісілді.
Мектептің ашылуы – өңір үшін маңызды оқиға. Барлық қатысушылардың бірлескен күш-жігерінің арқасында дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.