Мектептерге мониторинг жүргізілді

Мектептерге мониторинг жүргізілді
Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2025 жылдың II тоқсанында мектептерде 5 негізгі бағыт бойынша мониторингтік зерделеу жұмыстарын жүргізді:
1️⃣ «Ауылды және шағын қалалардағы 1000 мектепті жаңғырту» жобасының іске асырылуы
2️⃣ Мектепішілік бақылау (ВШК)
3️⃣ Ішкі санитарлық тораптардың жай-күйі
4️⃣ Педагогикалық әдеп кеңестерінің қызметі
5️⃣ Балаларды үйде оқыту сапасы
🔍 Зерделеу жұмыстары 9 мектеп негізінде жүзеге асырылды. Бақылау барысында әртүрлі көрсеткіштер бойынша мектептердің қызметі бағаланып, цифрлық және жиынтық талдамалық деректер дайындалды.
📊 Мониторингке қамтылған білім беру ұйымдары:
Ұлытау ауданының №18, №1 ТМ, №3, №6 ТМ, №14, №7, №4 мектептері және Жезді мектеп-интернаты
Жаңаарқа ауданының №140 негізгі орта мектебі
📈 Зерделеу нәтижелері ҚР Оқу-ағарту министрлігіне жолданды. Талдау білім беру сапасын арттыруға бағытталған шешімдер қабылдауға негіз болады.
✅ Басты мақсат – сапалы білім мен қауіпсіз орта қалыптастыру.