
Жезқазған қаласының білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебінде өткен іс-шараға Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің , білім басқармасы мен білім бөлімінің мамандары, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері қатысты.
Мониторинг барысында мектепішілік бақылау жүйесі, «Адал азамат» бағдарламасының іске асырылуы, санитарлық жағдай, оқушылардың оқулықтармен және көркем әдебиетпен қамтылуы, педагог кадрлармен қамтылу деңгейі, сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру курстарынан өтуі жан-жақты қарастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді.