Меню
Страницы

Қ.И. Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасы алғаш рет Ұлытау облысында өтті!

Қ.И. Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасы алғаш рет Ұлытау облысында өтті!

25 қазаннан бастап Жезқазған қаласында ауқымды ғылыми шара — Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасы өз жұмысын бастады.
Олимпиадаға Казақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген 100-ден астам дарынды оқушы қатысты 🇰🇿🇷🇺🇰🇬.

Олимпиада 9–11 (12) сынып оқушылары арасында өтті және екі кезеңнен тұрды — теориялық және практикалық. Қатысушылар химия саласындағы білімдері мен дағдыларын сынап көрді.

Ашылу салтанаты Жезқазған қаласында өтті.
Шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Қаныш Сәтбаев атындағы олимпиада — бұл жай ғана сайыс емес, жас зерттеушілердің тәжірибе алмасуына, жаңа достар табуына және ғылым әлеміндегі білімдерін тереңдетуіне мүмкіндік беретін алаң.

Ғылымға қызығушылық артып, жаңа жаңалықтар осындай кездесулерден басталсын!

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты