Меню
Страницы

Ұлытау облысы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Жакупбекова Инклюзивті білім беру бойынша дүниежүзілік Конгреске қатысуда

Ұлытау облысы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Жакупбекова Инклюзивті білім беру бойынша дүниежүзілік Конгреске қатысуда

2025 жылдың 15–17 қазан аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен IFIP (Халықаралық инклюзия практиктері форумы) ұйымының бірлесуімен «Қолжетімділік. Теңдік. Прогресс» тақырыбында Инклюзивті білім беру бойынша алғашқы дүниежүзілік Конгресс өтіп жатыр.

Аталған іс-шараға 50-ден астам елден халықаралық сарапшылар, білім беру министрліктерінің өкілдері, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен технологиялық компаниялар өкілдері қатысуда.

Конгресс аясында:

  • Алматылық декларация жобасы талқылануда;
  • Пленарлық және панельдік сессиялар өтуде;
  • Әлемдік деңгейдегі сарапшылардың шеберлік сабақтары ұйымдастырылуда;
  • Ғылыми ұйымдармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылуда.

Бұл Конгресс – баршаға тең мүмкіндік беретін сапалы білім берудің болашағын айқындауға бағытталған маңызды халықаралық алаң. Алынған білім мен тәжірибе Ұлытау өңіріндегі инклюзивті білім беру саласын жақсартуға тигізер үлесі мол.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері