
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың жылы лебізге толы құттықтауын Ұлытау облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гаухар Жакупбекова жеткізді.
Бұл мереке — журналистиканың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтетін, ақпарат таратудағы, қоғамдық пікір қалыптастырудағы және халықпен билік арасындағы алтын көпір болудағы қажырлы еңбекті бағалайтын күн.
Осы орайда, Шоқан Еркеназ Ғалижанқызы — Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы мен Васильева Елизавета Дмитриевна — «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісін және барлық БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, өз істеріңізге деген адалдығыңыз бен қоғам алдындағы жауапкершіліктеріңіз — халықтың сенімі мен қолдауына ие. Алдағы уақытта да жемісті еңбек, шығармашылық табыс пен кәсіби биіктер тілейміз!
Мерекелеріңізбен!