АУМАҚТЫҚ БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТТЕРІ БАСШЫЛАРЫНА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Бүгін Астанада Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті аумақтық департамент басшыларына арнап семинар-тренинг ұйымдастырды.
Іс-шараның алғашқы бөлімінде Комитет төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова қатысушылардың назарын Мемлекет басшысы мен Оқу-ағарту министрінің тапсырмаларын іске асырудың маңыздылығына аударды.
Атап айтқанда:
– «Ауылдық 1000 мектепті жаңғырту»,
– «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы»,
– «Жайлы мектеп»,
– «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы,
– «Мақсатты мектептер» жобалары,
– Қазақстанның еңбек сіңірген педагогтерін қолдау бағыттары қозғалды.
Сонымен қатар азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету, педагогикалық этиканы сақтау және сапалық көрсеткіштерді жүйелі талдау қажеттігі атап өтілді.
Семинар аясында Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары білім беру саласындағы нақты проблемалар мен жағдайлар бойынша баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.
Екінші бөлім практикалық форматта өтті. Қатысушылар командалық ойын арқылы берілген проблемалық мәселелерге шешім ұсынды. Бұл тәсіл мәселелерді шешуге жаңаша көзқараспен қарап, нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізуге септігін тигізді.
Сондай-ақ, департамент басшыларының көшбасшылық қабілеті мен кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Семинар соңында Комитет аумақтық департаменттердің қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған іс-қимыл жоспарын ұсынды.