ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов іссапардың екінші күні ауданның өзге мектептеріндегі педагог қауыммен кездесті.
Бұл кездесуде мұғалім болудан бөлек, ұстаз болу шыңына жетудің маңыздылығы айтылды. Педагог, бала және ата-ана секілді үштағандық байланысты орнату, ұжымда абыройлы еңбек ету және өз ісін сүю қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Арыз-шағым, дау-дамайлы жағдайлар туындаған кезде оларды сыртқа жария етпей, медиациялық мәміле арқылы шешуге болатынын атап өтіп, күллі елге абыройсыз атанбауға шақырды.
Педагогтер жиынында «Мақтаарал мектеп-гимназиясының кәсіподақ төрайымы Ж.Бектұрғанова, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбек, Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының педагогі, педагог-шебер А.Молдадосова өз ойларын көпшілікпен бөлісіп, аудан оқытушыларын ұйымшыл болуға үндеді.