Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы брифинг

Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы брифинг

Сәлеметсіздер ме! Құрметті брифингке қатысушылар! Құрметті әріптестер!

 

 

         Оқу ағарту министрлігі барлық аймақтарда кешенді мониторингті бастады. Министрдің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 8 мектеп анықтады.

        Департамент «АMANAT» партиясының өкілдерімен бірлесіп жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындық деңгейіне 907 мемлекеттік мектебіне мониторинг жүргізді.

       Мониторинг барысында жүріп жатқан 14 мектептің күрделі жұмыстарына аса назар аударылды.

        Жөндеуден өтіп жатқан мектептердің 35%-ы (5 мектеп) 1970 жылдары салынса, 35%-ы (5 мектеп) 1980-1989 жылдары салынған, ал 30%-ы (4 мектеп) тіпті 2005 жылдан кейін пайдалануға берілген.

       Мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына тоқталатын болсақ!

       Мектеп ғимараты толық жөндеуден өтіп жатқандар саны – 5;

       Мектептің шатыры, ішкі мен сыртқы қабырғалары, терезе, есік, едендері жөнделіп жатқан мектептер саны – 7;

       Мектептің электр жүйесі, демонтаж, ішкі сү, кәріз жүйесі, терезе, шатыры және т.б. жөндеуден өтіп жатқан мектептер саны – 1;

      Мектепке күрделі жөндеуге конкурс жарияланып, жөндеу жұмыстары басталмаған мектептер саны – 1.

         Жоспар бойынша 14 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары 9 мектебі а.ж. тамыз айының соңына тапсырылса, алайда, 2023-2024 оқу жылына           5 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының кешігуі күтілуде, демек,                  5 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес!

        Атап айтқанда:

        Төлеби ауданы, «Қаратөбе» жалпы орта мектеп;

        Түлкібас ауданы, А.Оразбаева атындағы жалпы орта мектебі;

        Ордабасы ауданы, Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебі;

        Кентау қаласы, №24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі;

        Төлеби ауданы, «Қостөбе» ШЖЖОМ.

        Дегенмен, 2 білім беру ұйымы Төлеби ауданы Қаратөбе ауылының «Қаратөбе» жалпы орта мектебі мен Түлкібас ауданы Ынтымақ ауылының А.Оразбаева атындағы мектебі а.ж. қыркүйек айында тапсырылмақ. Бұл мектептердің сыртқы көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

      Төлеби ауданы, «Қаратөбе» жалпы орта мектебінің 415 оқушылары көрші Төлеби атындағы және «Қазақстан» жалпы орта мектебіне тасымалданады.

       Түлкібас ауданы, А.Оразбаева атындағы мектебінің 305 оқушысы Н.Тұрсынбеков пен Т.Әбубәкіров атындағы жалпы орта мектебіне тасымалдану жоспарда.

       Ал, Ордабасы ауданы Көлтоған ауылының Е.Ерназаров атындағы мектебінің оқушылары (408) К.Омаров атындағы жалпы орта мектебіне                 1-6 сыныптағы 256 оқушы, ал 7-11 сыныптың 152 оқушысы Тауке хан атындағы жалпы орта мектебіне тасымалданып оқытылады. Бұл мектептің электр жүйесі, ішкі су, кәріз жүйесі, ішкі жылу жүйесі, ішкі әрлеу жұмыстары, А блогының шатыры күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

       Кентау қаласы, №24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің                    1404 оқушысы № 23 Бөкейханов атындағы жалпы орта мектебіне (0-5 сыныбы), ал 6-11 сыныптарының білім алушылары №10 Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебіне тасымалданып оқыту жоспарлануда. Бұл мектепте ішкі қабырғаларды қыру, қайта сылау әрлеу, электр желілерін ауыстыру, есік, терезелерін, еден жабының ауыстыру, жеделткіш (вентиляция), жылу, өртке қарсы дабыл жүйесін  жөндеу, қас бетін әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

       Төлеби ауданы Қаратөбе ауылының «Қостөбе» шағын жинақты жалпы орта мектебі 2024 жылғы тамыз айында дайын болмақ, бұл мектептің оқушылары көрші мектепке тасымалданып оқыту жоспарлануда. Бұл мектептің сыртқы фасадын сайдингпен қаптау, мектепалдын абаттандыру, кәріз, су жүйесін жөндеу, ішкі әрлеу жұмыстары, ішінара еден, есік, терезе ауыстыру, мекемені газға қосу т.б. жұмыстарына конкурс өткізілуде, жеңімпаз анықталмаған.

        Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстарынан басқа жаңа 2023-2024 оқу жылына тағы мемлекеттік лицензиясыз білім беру қызметін жүргізіп жатқан 3 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес!

       Атап айтқанда, Сарыағаш ауданы, №78 жалпы орта мектебі, Қазығұрт ауданы, №1 жалпы орта мектебі, ал, Төлеби ауданының Лашкар Тәжібаев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі 5-9 сынып оқушыларын қабылдай алмайды.

      Бұл мектептердің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалары берілмеген.

     «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 57-бабы 1-бөлігіне сәйкес заңды тұлғалардың (бұдан әрі – лицензиат) білім беру қызметі осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

      Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алалмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тәртібімен таратылады («Білім туралы» ҚРЗ 40-бабы, 2-1 – бөлігі).

     Департамент тарапынан «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік бұзушылық жасағаны үшін хаттама толтырылып, материалдары Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандарының сотына жолданды.

    Естеріңізге сала кетейік, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген.

       8 мектептің балаларына атқарылған жұмыстың нәтижесінде уақытша дислокация жасалып, көрші мектептерде білім алатын болады.

      Айта кету керек, департамент өңіріміздің білім беру ұйымдарының басқа да тұстарына мониторинг жұмысын жалғастыратын болады.

 

 

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!