
2026 жылғы 5 тамызда Департамент басшысының азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Жеке қабылдауға Сарыағаш ауданының түрғындарв қатысты.
Қабылдау барысында білім беру қызметін лицензиялауға қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, білім сапасын қамтамасыз етуге байланысты азаматтарды толғандырған сұрақтар жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, лицензия алу және қайта рәсімдеу тәртібі, талаптардың орындалуы, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бойынша түсіндірмелер берілді. Әрбір мәселе бойынша қолданыстағы талаптар мен заңнама нормалары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтардың ұсыныстары назарға алынды.
Департамент басшысы көтерілген мәселелер бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, берілген тапсырмалардың уақытылы, орындалуын жеке бақылауына алатынын атап өтті.