КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Апталық аппараттық жиында Департамент басшысының м.а. Г.Медеубек қызметкерлерге білім беру саласындағы жұмыстың жүйелі әрі сапалы жүзеге асырылуы бойынша келесі маңызды тапсырмаларды:

Кураторлық бойынша қала/аудандардағы білім беру ұйымдарының білім сапасына жүйелі түрле талдау жасап отыруды;

Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия немесе лицензияға қосымшасын алуға келіп түскен өтініштерді қарау барысында біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша қарауды;

Білім туралы құжаттарды апостильдеу кезінде қызмет көрсету тәртібін, оның ішінде қызмет көрсету мерзімдерін сақтауды;

Арыз-шағымдарды қарау кезінде ҚР ӘРПК талаптарының қатаң сақталуын, объективті шешім қабылдануын;

Білім басқармасына және білім бөлімдеріне жүргізілген жоспарлы тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың жойылуын және олар бойынша іс-шаралардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылауға алуды;

Департамент қызметкерлеріне  жұмыс уақытының қалыпты нормасының сақталуы керек екендігін қатаң тапсырды.

Жиын соңында Департамент басшысының м.а. Г.Медеубек мемлекеттік қызметшілердің этика мен заң талаптарын қатаң сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы, адалдық пен әділдік принципін ұстануы әрбір қызметкердің адамгершілік және кәсіби борышы екенін ерекше назарға салды.