
Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан 2026 жылғы 17-19 ақпан күндері өңірдегі Келешек мектептеріне мониторинг жүргізілді.
Мониторингте Түркістан, Отырар, Сауран, Шардара, Келес, Сарыағаш, Бәйдібек, Арыс, Сайрам, Созақ, Ордабасы, Төлеби, Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы білім беру ұйымдары қамтылды.
Негізгі мақсат – Келешек мектептерінде білім беру қызметін жүзеге асыру барысында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталу деңгейін кешенді түрде айқындау және сапаны қамтамасыз ету тетіктерін талдау.
Мониторинг барысында мына бағыттар жан-жақты зерделенді:
🔹 Педагогтердің сапалық құрамы мен кәсіби деңгейі;
🔹 ҚР БҒМ-нің №130 бұйрығына сәйкес әзірленген мектепішілік бақылау жоспарының болуы және оның орындалу барысы;
🔹 Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлардың талапқа сай жүргізілуі;
🔹 БЖБ және ТЖБ жұмыстарының уақытылы әрі сапалы орындалуы;
🔹 Мектептердің материалдық-техникалық базасының жай-күйі;
🔹 Ішкі бақылау нәтижелерінің педагогикалық кеңес отырыстарында қаралуы;
🔹 Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан жүйелі өтуі;
🔹 «Адал азамат» бағдарламасының жүзеге асырылу деңгейі;
🔹 Оқу, көркем және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілуі;
🔹 Мектептердің жалпы санитарлық жағдайы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы.
Жүргізілген мониторинг нәтижелері мектеп қызметін жетілдіруге, басқару тиімділігін арттыруға және сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуге негіз болмақ.