Бүгінгі апталық аппараттық жиында Департамент басшысы Ғ.Алматов алдағы уақытқа арналған басты бағыттар мен нақты міндеттерді айқындап, білім беру ісінің жүйелі және сапалы жүруін қамтамасыз ету үшін қызметкерлерге қажетті тапсырмалар берді. Атап айтқанда:
- Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және оған қосымшаны алу үшін келіп түскен өтініштерді қолданыстағы заңнамада белгіленген біліктілік талаптарына толық сәйкестігі тұрғысынан жан-жақты, мұқият әрі жауапкершілікпен қарауды;
- Лицензиясыз білім беру қызметімен айналысқан білім беру ұйымдарына қатысты әкімшілік іс қозғауды;
- «Келешек мектептердің» білім беру қызметіне мониторинг жүргізуді;
- Арыз-шағымдарды қарау кезінде ҚР ӘРПК-ға талаптарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды басшылыққа ала отырып, жұмыс барысында қатаң сақтауды;
- Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелерінде білім бөлімдері, білім беру ұйымдарында анықталған бұзушылықтардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылауға алуды;
- Кураторлық бойынша қала/аудандардағы білім беру саласына қатысты әлеуметтік желіде туындап жатқан резонанстық мәселелерді бақылауға алып отыруды;
- Мектеп формасын сақтамаған білім алушылардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қатысты қозғалған әкімшілік істерді қарау барысында қолданыстағы заң талаптарын бұлжытпай орындауды;
Жиын соңында Ғ.Алматов мемлекеттік қызметшілердің этикалық ұстанымдары мен заң алдындағы жауапкершілігіне ерекше тоқталып, әрбір қызметкердің басты адамгершілік және кәсіби борышы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді қатысу, адалдық қағидаларын қатаң сақтау, жемқорлыққа мүлде төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және академиялық адалдық принциптерін бұлжытпай орындау екенін атап өтті.