Мектептерді жаңарту

Мектептерді жаңарту

Мектептерді жаңарту
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы үш жылда Қазақстанда 1300-ге жуық мектеп ауқымды түрде жаңартылады.
Жаңарту шеңберінде ғимараттарды күрделі жөндеу, оқу кабинеттерін заманауи жабдықтармен жарақтандыру, жиһазды жаңарту, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, спорт залдарын қайта жаңарту немесе салу, рекреациялық аймақтар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, сондай-ақ жаңа қауіпсіздік жүйелерін енгізу көзделген.
Жұмыстар шеңберінде шатырды ауыстыру, қасбеттер мен терезелерді жаңарту, инженерлік коммуникацияларды — электрмен жабдықтау, жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және желдетуді күрделі жөндеу, сондай-ақ мектеп аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру жүргізілетін болады.
Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының ақпараты бойынша 69 мектеп жаңартылуға жатады, оның ішінде 2025 жылы 15 мектеп.
Департаменттің бас маманы Ахметова Көгаршин Қасетқызы ағымдағы жылы жаңартылуға жататын Тайынша ауданының Петровка орта мектебінде болды. Алдағы жұмыс түрлерімен танысты және жұмыс көлемін мен дайындық жұмыстарын бағалады.