Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жанынан құрылған Мәслихат депутаттары кеңесі отырысының хаттамасын орындау мақсатында Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы Арман Сағатұлы Бердагуловпен кездесті.
Кездесу барысында Петропавл қаласының білім беру жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды, оның ішінде Департамент басшысы Департаменттің бақылау іс-шараларының қорытындыларымен таныстырды, қала мектептерін мемлекеттік аттестаттау бойынша проблемаларды дәлірек айтты, аттестатталмаған білім беру ұйымдарында анықталған негізгі бұзушылықтарға, сондай-ақ мектептер үшін ББЖМ, PISA нәтижелері туралы мәлімдеме берді.
Бұдан басқа, мониторингтік қызметтің нәтижелері туралы, «Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ нормаларын сақтау, мұғалім мамандығының беделін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу мәселелері талқыланып жергілікте жердегі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру барысында қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесе жұмыс жүргізуге шақырды.