Бүгін (28.04.2025 ж.) «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы еліміздің жобалық кеңселерінің әдіскерлері үшін өткізген іс-шараға Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты: әдіскерлер мен жобалық кеңселер басшыларының кәсіби құзыреттіліктерін озық тәжірибелермен алмасу, жұмыстың табысты әдістемелерін тарату және нысаналы мектептермен жұмыста барынша тиімділікке қол жеткізу үшін бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру арқылы арттыру болды.
Сонымен қатар, Департамент өткізген мониторингтік іс-шаралардың қорытындысы туралы «Бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру» атты дөңгелек үстелде сөз сөйледі.
Бұдан басқа, Департаменттің СҚО бойынша жобалық кеңсесімен нысаналы мектептерді дамыту бойынша өзара іс-қимылы жөнінде ақпарат ұсынылды.