Петропавл қаласының қалалық білім бөлімінің кеңесіне қатысу

Петропавл қаласының қалалық білім бөлімінің кеңесіне қатысу

Департамент басшысы Таласбаева Гүлнара Темірболатқызы Петропавл қаласының қалалық білім бөлімінің кеңесіне қатысты. Кеңесте қаланың, облыстың білім беру жүйесінің өзекті мәселелері айтылды.
Білім беру ұйымының басшыларын Департаменттің бақылау іс-шараларының қорытындыларымен  таныстырды, қаланың мектептерін, балабақшаларын мемлекеттік аттестаттауы бойынша проблемаларды дәлірек айтты, аттестатталмаған білім беру ұйымдарында анықталған негізгі бұзушылықтарға, сондай-ақ мектептер үшін білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі, PISA нәтижелері туралы тоқталды. Бұдан басқа, чек-парақтарға сәйкес жүргізілетін мониторингтік қызметтің нәтижелерін ұсынды.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы нормаларын сақтау, мұғалім мамандығының беделін арттыру, нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу бойынша жұмыстар жүргізу мәселелері талқыланды. Департамент басшысы оқу жылын аяқтау, мектептерде қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде академиялық адалдықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, 2024 жылы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен білім мекемелері басшыларына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының дипломдарын табыс етті.