Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысу

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысу

 

2025 жылғы 04.04. департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева аудан әкімінің орынбасары Б. А. Сапановтың өкілдігімен Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі Кеңесінің кеңейтілген отырысына (онлайн режимде) қатысты.

Кеңесте келесі мәселелер қаралды: «Балалардың құқықтарын қорғау. Аудан мектептерінде кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу», «Білім сапасы. III тоқсанның қорытындысы», «ББЖМ дайындық туралы, PISA 2025 жыл», «Мектептерді мемлекеттік аттестаттау», «Педагогтерді аттестаттау», «Ауданның білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру», «Ауданның білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жағдай жасау туралы», «Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингін жүргізу әдістемесі».

Департамент басшысы «Білім сапасы мәселелері туралы» тақырыбында баяндама жасады. Кеңес жұмысына білім бөлімінің мамандары мен әдіскерлері, мектеп директорлары, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі, шағын орталықтардың әдіскерлері, мектеп педагогтері қатысты.