«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» N 2676 Заңына V тармағының 24-бабына сәйкес «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атты атақ белгіленді.
Осы заңның 25-бабына сәйкес «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» – аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін беріледі.
Елімізде алғаш рет педагогтерге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы 2021 жылы берілді: СҚО Мемлекеттік наградаға Петропавл қаласының М. Айтхожин атындағы № 1 мектеп директоры Александр Юрьевич Курленя ие болды.
2023 жылы педагогтердің Бірінші съезінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен білім берудегі айрықша жетістіктері мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогіне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді. Бұл мерзімде атаққа ие болған Петропавл қ. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің ұстазы - Айжан Байкеновна Қапезова 40 жылдан астам өмірін педагогикаға арнаған және көптеген жылдар бойы осы шаңырақта бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Тәрбие, білім алған оқушылары облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып есептеледі.
2025 жылдың 19 наурызында Департамент басшысы Гүлнәр Темирболатқызы Таласбаева аталған мектепте барып, Қапезова Айжан Бәйкенқызын Наурыз мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар, жиналған ұстаздарға мемлекет, Оқу-ағарту министрлігі тарапынан педагогтерге, мектептерге жасалып жатқан қолдау түрлері жайында баяндады.