
Құрметті жерлестер, әріптестер!
Сіздерді келе жатқан ұлы мереке Республика күнімен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасы үшін 25 қазан тарихымыздағы маңызды кезеңдердің бірі, себебі дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігіміз туралы Декларациясы қабылданып, қасиетті тәуелсіздігімізге жол ашылған күн.
Республика күні – халықтың рухын көтеріп, еліміздің еңсесін биіктетіп, бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтуға арналған жарқын мереке.
Осы салтанатты күнде Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілеймін.
Қазақстанымызды тұрақты дамыту, жетілдіру жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын!