Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы

2024 жылғы 11 маусымда СҚО білім  саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы 190 бұйрығына (24.04.2024 жылғы өзгерістер) енгізілген өзгерістерге сәйкес кеңестің жаңартылған құрамына педагог-зерттеуші, педагог-шебер, педагог-«Үздік педагог» атағының иегері, педагогикалық еңбек ардагері кірді, сондай-ақ білім басқармаларының (бөлімдерінің), біліктілікті арттыру ұйымдарының және өңірлік әдістемелік орталықтардың өкілдері; білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіподақтардың өкілдері. Отырыста 3 мәселе қаралды: «Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары туралы», «СҚО білім  саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысын ұйымдастыру туралы» 2024 жылғы 10.05. №123 бұйрығы (педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес туралы ереже, кеңес құрамы)», сондай-ақ облыс мектептерінің бірінің ата-аналарынан келіп түскен өтініш қаралды.

Барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.