«Білімім – Отаныма!» Бірыңғай сынып сағатына қатысу

«Білімім – Отаныма!» Бірыңғай сынып сағатына қатысу

24 мамыр 2024 жылы сағат 9:00-де бүкіл ел бойынша «Білімім – Отаныма!» атты Бірыңғай сынып сағаты басталды. Бірыңғай сынып сағаты әнұранды орындаудан басталып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың сөз сөйлеуінің онлайн-трансляциясын тыңдаумен жалғасты. Салтанатты іс-шарада 2023-2024 оқу жылының қорытындысы шығарылып, оқу жылы ішінде ерекшеленген оқушылар марапатталды.

Кезекті оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты шарада Петропавл қаласының бірнеше мектептерінде Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері болып, оқушылар мен педагогтерді құттықтап, түлектерге жылы лебіздерін білдірді.

Барлық оқушылар мен олардың ата-аналарын, педагогтерді 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!