Мектептерді мемлекеттік аттестаттау шеңберінде 4,9 сынып оқушыларына кешенді тестілеу өткізіледі

Мектептерді мемлекеттік аттестаттау шеңберінде 4,9 сынып оқушыларына кешенді тестілеу өткізіледі

Мектептерді мемлекеттік аттестаттау шеңберінде 4,9 сынып оқушыларына кешенді тестілеу өткізіледі.

Естеріңізге салайық, кешенді тестілеу 4-сыныпта онлайн режимінде оқыту тілінде (қазақ, орыс тілінде) екі пән (оқыту тілі және математика) бойынша жүргізіледі. Тест тапсырмаларының саны: 1) оқыту тілінен – 15; 2) математикадан – 15. Тест тапсырмаларының жалпы саны – 30. Екі пән бойынша максималды балл – 30.

 Кешенді тестілеу 9-сыныпта онлайн режимінде оқыту тілінде (қазақ, орыс тілінде) үш пән (оқыту тілі, математика, инварианттық компонент пәні (нұсқаға байланысты)) бойынша жүргізіледі. Тест тапсырмаларының саны: 1) оқыту тілінен – 20; 2) математикадан – 20; 3) инварианттық компонент пәнінен (нұсқаға байланысты) – 20. Тест тапсырмаларының жалпы саны – 60.

«Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен білім алушыларды даярлаудың шекті деңгейі білім алушылардың кемінде 40% - ы «қанағаттанарлық» деген бағадан төмен емес дұрыс жауап бергендер болып анықталды.

2024 жылдың ақпан айында кешенді тестілеу облыстың 17 мектебінде өтті: 13 орта және 4 бастауыш мектептерде. 15 мектептің оқушылары тапсырмаларды сәтті орындады.