Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аттестаттау

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аттестаттау

Білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК мемлекеттік аттестаттау өткізілді.

Аттестаттау комиссиясы білім беру ұйымының ресми интернет-ресурсында орналастырылған өзін-өзі бағалау материалдарын, Ұлттық білім беру дерекқорындағы (ҰБДБ) ақпаратты талдай отырып, колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына барлық мамандықтар бойынша сәйкес келеді деген қорытындыға келді.

         «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығына 3-қосымшаның бағалау парағының критерийлері бойынша білім беру қызметін талдау аттестаттау комиссиясына 11 мамандықтың көпшілігі бойынша білім беру қызметтерін ұсыну сапасының деңгейі «жақсы» бағасына сәйкес келеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.