«Елге қызмет» бағдарламасына қатысу

«Елге қызмет» бағдарламасына қатысу
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің муниципалдық телерадиоарнасының «Елге қызмет» бағдарламасына қатысты.
Басшы өз сұхбатында Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан екі мемлекеттік қызмет көрсетілетінін айтты: «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» және «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу».
Сондай-ақ, бұл қызметтер «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі негізінде жүзеге асырылатынын, ал апостиль бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарының халыққа қызмет көрсету орталықтары мен www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүргізілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, Гүлнәр Темірболатқызы бұл қызметтердің қандай нормативтік-құқықтық актілермен реттелетінін тілге тиек етті.