
2026 жылдың соңына дейін мемлекеттік аттестаттаудан өтуге жататын білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы 2026 жылғы 14 қыркүйекте семинар өткізуді бастамашылық етті.
Семинардың мақсаты – алдағы мемлекеттік аттестаттауға дайындық барысында ұйымдастырушылық мәселелерге назар аудару.
Аттестаттаудың ерекшелігі – оның Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жаңартылған форматта өткізілуі.
Ағымдағы жылдың тамыз айында осы қызметті бағалаудың жаңа форматында аттестаттаудан өтіп, оң қорытынды алған білім беру ұйымдары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға СҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік бақылау және білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы М.А. Панарина қатысып, анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы хабарлама алған білім беру ұйымдарында Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша анықталған сәйкессіздіктерге шолу жасады және аттестаттау рәсіміне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.