Шал ақын ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізілді

Шал ақын ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізілді

2026 жылғы 10 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Шал ақын ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен Zoom платформасы арқылы онлайн форматта мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметін лицензиялаудың алдағы мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Таласбаева Гүлнар Темірболатқызы және Департаменттің бас маманы Казиева Дана Маратовна қатысты.

Кездесу барысында мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына лицензиялаудың нормативтік-құқықтық негіздері, рәсімнен өту тәртібі, негізгі біліктілік талаптары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуына және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар түсіндірілді.

Мектепке дейінгі ұйымдарды алдағы лицензиялауға дайындау, белгіленген талаптарды сақтау және анықталған сәйкессіздіктерді уақтылы жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына қажетті құжаттарды дайындау және ұйымдардың қызметін лицензиялық талаптарға сәйкестендіру бойынша практикалық түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.

Департаменттің мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.