
Құрметті ұстаздар!
Қымбатты оқушылар мен ата-аналар!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын!
Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктерге жетелесін!
Білім баспалдағын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге ақ жол тілеймін!
Қиын да күрделі қызметте жүрген ұстаздар қауымының дендеріне саулық, ұрпағымызға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі міндеттерін мінсіз, абыройлы атқаруларына тілектестігімді білдіремін.
Білім жолы жарқын болсын, әр күніңіз табысты істерге толсын!