Білім туралы құжаттарға апостиль қою

Білім туралы құжаттарға апостиль қою

Ағымдағы жылғы 5 тамызда Департамент басшысының міндетін атқарушы Панарина Марина Анатольевна азаматтарды қабылдады. Қабылдауға «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ қызметкері Ибраева Наталья Геннадьевна білім туралы құжаттарға апостиль қою мәселесі бойынша жүгінді.

Департамент басшысының міндетін атқарушы өтініш берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызметті реттейтін нормативтік құқықтық акт туралы ақпарат берді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы өтініш береді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні.