Лайықты марапат: Мемлекеттік қызметшілер күнінде әріптесіміздің еңбегі еленді

Лайықты марапат: Мемлекеттік қызметшілер күнінде әріптесіміздің еңбегі еленді
 
23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні Департаменттің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Ахметова Когаршин Касетовна облыс Әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл жоғары марапат Когаршин Касетовна адал еңбегі және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін табыс етілді.
Департамент басшылығы мен барлық ұжымы Когаршин Касетовнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды! Әріптестері оған: зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас күш-жігер, қызметте жаңа табыстар тіледі. 
Марапатыңыз құтты болсын!