
Ағымдағы жылдың 22 маусымында Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаеваның төрағалығымен маусымдық сауықтыру лагерлерін лицензиялау бойынша кеңес өткізілді. Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері, білім бөлімдерінің басшылары, маусымдық сауықтыру лагерлерінің директорлары қатысты. Департамент басшысы өз сөзінде лицензиялау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге басты назар аударды, бұл ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің №483 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы; № 473 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, рухани білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы"; № 224 "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы"; № 385 "Үлгілік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын"; № 50 "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы". Департаменттің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Дана Маратқызы Қазиева маусымдық сауықтыру лагерлерінің басшыларына "Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері туралы, сондай-ақ "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz.веб-порталындағы жұмыс алгоритмі туралы егжей-тегжейлі нұсқау берді Кеңес барысында білім бөлімдерінің басшылары, маусымдық сауықтыру лагерлерінің директорлары сөз сөйлеушілерге сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Кеңес қорытындысы бойынша департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева білім бөлімдерінің басшыларына және маусымдық сауықтыру лагерлерінің директорларына бірқатар ұсыныстар берді.