
Ағымдағы жылдың 17 маусымында Департамент басшысы Г. Т. Таласбаева Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысымен бекітілген "Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын» түсіндіру бойынша Департамент қызметкерлерімен кеңес өткізді (бұдан әрі- Тұжырымдама).
Департамент басшысы Тұжырымдама бөлімдерінің мазмұнымен таныстырды және білім берудің барлық деңгейлерінде құқықтық ағарту практикасын енгізуге, құқық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сапалы білім беру қызметтерін көрсету, жаңа технологияларды, интернет платформаны пайдалану арқылы білім беру саласындағы құқықтық мәдениетті дамытуға басты назар аударды.
Сондай-ақ, басшы Департаменттің бұл Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажеттілігі туралы, құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуді, білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді дұрыс түсінуге және қолдануға көмектесуге бағытталған іс-шараларды өткізу жолспарын жасау екендігі бойынша ұсыныс берді.