Шал ақын ауданының «Аю тас» балалар сауықтыру орталығы қызметін лицензиялау мәселелері бойынша консультация

Шал ақын ауданының «Аю тас» балалар сауықтыру орталығы қызметін лицензиялау мәселелері бойынша консультация

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Шал ақын ауданының «Аю тас» балалар сауықтыру орталығы өкілдеріне балалар сауықтыру орталығы қызметін лицензиялау мәселелері бойынша консультация өткізілді.

Кездесу барысында Департамент мамандары лицензия алу тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, біліктілік талаптарын сақтау, сондай-ақ балалардың қауіпсіз әрі қолайлы демалыс жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

БСО өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, құжаттарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар алды.