Маусымдық балалардың білім беру-сауықтыру орталықтарының дайындығы туралы

Маусымдық балалардың білім беру-сауықтыру орталықтарының дайындығы туралы


Ағымдағы жылдың 21 мамырында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаеваның төрағалығымен облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары Амангелді Еслямбекұлы Әбдірахмановтың, облыстың ТЖ департаменті мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы Аслан Жасұланұлы Ахметжановтың, сондай-ақ аудандық білім бөлімдерінің, Петропавл қаласының басшылары мен балалардың білім беру-сауықтыру орталықтары директорларының, құрылтайшыларының қатысуымен балалардың білім беру-сауықтыру орталықтарының (бұдан әрі-ББСО) жазғы маусымға дайындығы талқыланды. Ағымдағы жылы облыс бойынша 10 ББСО жұмыс істеуі көзделген.
Департамент басшысы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне еңгізілген өзгерістер туралы баяндап, ББСО лицензиялау мәселелеріне тоқталды.
Облыстың ТЖ департаменті мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы 10 ББСО бойынша өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру қорытындысын жариялады. Аққайың, Жамбыл аудандарында анықталған бұзушылықтардың көбі анықталғанын атап өтті.
Облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары кеңесте айтылған барлық мәселелерді жеке бақылауға алды.