Кеңеске қатысу

Кеңеске қатысу

Ағымдағы жылдың 6 мамырында департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева жұмыс сапарымен Тимирязев ауданына барып, мектеп директорларымен, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері және қызметкерлерімен кеңес өткізді.
Басшы білім сапасы, ББЖМ – 2025 нәтижелері, сондай-ақ 2025 жылғы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қорытындылары туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, Гүлнар Темірболатқызы оқу жылының аяқталуы, білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу, 9,11 сыныптарында аттестаттарды толтыру кезінде нормативтік-құқықтық актілерді сақтау, академиялық адалдықты, педагогикалық этиканы сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңды сақтау, жазғы демалысты сапалы ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.
Кеңес барысында Тимирязев ауданының білім бөлімінің басшысы Азамат Аманжолұлы Теміров жазғы демалыста балалардың жазғы демалысын және бос уақытын ұйымдастыру бойынша ақпарат ұсынды.
Кеңес соңында Департамент басшысы білім беру сапасын, оқу-тәрбие процесін жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар берді.