
Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаеваның төрағалығымен маусымдық сауықтыру лагерлерін лицензиялауды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Стэлла Амангелдіқызы Ибраева, Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Леонидовна Горлова, Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Гүлшат Амангелдіқызы Асылбекова, мемлекеттік өрт сөндіру басқармасының бастығы Ахметжанов Аслан Жасұланұлы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының орынбасары Амангельді Еслямбекұлы Әбдірахманов, білім бөлімдерінің басшылары, маусымдық сауықтыру лагерлерінің директорлары мен құрылтайшылары қатысты.
Маусымдық сауықтыру лагерлерін лицензиялауды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Стелла Амангелдіқызы Ибраева сөз сөйледі. Ол кәмелетке толмағандардың білім беру-сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі ережелерге, сондай-ақ олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарға басты назар аударды.
Сондай-ақ, Стэлла Амангелдіқызы «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 50 бұйрығы, «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. i № 224 бұйрығы, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу жөніндегі кеңеске қатысушыларды хабардар етті.
Санитарлық талаптар бойынша Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Горлова Татьяна Леонидовна, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша - Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ахметжанов Аслан Жасуланұлы сөз сөйледі.
Облыстың лицензиялауға жататын сауықтыру лагерлерінің саны және олардың жай-күйі туралы ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының орынбасары Амангельді Еслямбекұлы Әбдірахманов ұсынды.
Кеңес барысында білім бөлімдерінің басшылары, маусымдық сауықтыру лагерлерінің директорлары сөз сөйлеушілерге сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
Кеңес қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева білім бөлімдерінің басшыларына және маусымдық сауықтыру лагерлерінің директорларына, құрылтайшыларына бірқатар ұсыныстар берді.