Азаматтарды жеке қабылдау өткізілді

Азаматтарды жеке қабылдау өткізілді

Азаматтарды қабылдау

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Айыртау ауданына жұмыс сапары барысында азаматтарды қабылдады. Лицензияға қосымша алу мәселесі бойынша Саумалкөл ауылында орналасқан Агротехникалық колледждің басшысы Берік Темешұлы Жанахметов жүгінді.

Департамент басшысы колледж жұмысымен, материалдық-техникалық базамен танысты.

Сондай-ақ, лицензияға қосымша алу бойынша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығы, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына сәйкес тиісті ұсынымдар берді.