Айыртау ауданының білім саласына талдау

Айыртау ауданының білім саласына талдау

Айыртау ауданының білім саласына талдау

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева жұмыс сапарымен Айыртау ауданына болып қайтты.

Саумалкөл ауылында орналасқан аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен, әдіскерлерімен, сондай-ақ мектеп директорларымен және Агротехникалық колледж басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесулерде ауданның білім беру саласындағы проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ басшы сыртқы мониторингті ішкі мониторингпен салыстыра отырып, мектеп оқушыларының білім сапасының жағдайына толық талдау жасады.

НҚА-ғе енгізілетін өзгерістер, педагогикалық әдепті сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, маусымдық лагерьлерді лицензиялау бойынша түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар, Департамент басшысы Рудный, Константиновка және Гусаковка мектептерінде болды.

Кездесулердің қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.