Бару арқылы профилактикалық бақылау

Бару арқылы профилактикалық бақылау

 

2026 жылдың бірінші тоқсанында қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген 9 орта білім беру ұйымы (9-ы да мемлекеттік) бару арқылы профилактикалық бақылауға жатқызылды:

  1. Береке негізгі мектебі (Уәлиханов ауданы)
  2. Аққұдық негізгі мектебі (Уәлиханов ауданы)
  3. Қаратерек орта мектебі (Уәлиханов ауданы)
  4. Шағырсай негізгі мектебі (Уәлиханов ауданы)
  5. Қызылту орта мектебі (Ақжар ауданы)
  6. Смағұл Сәдуақасов атындағы Ұялы орта мектебі (Ақжар ауданы)
  7. Белоградов орта мектебі (Тимирязев ауданы)
  8. Хмельницкий орта мектебі (Тимирязев ауданы)
  9. Қарағанды орта мектебі (Мағжан Жұмабаев ауданы)

Профилактикалық бақылау барлық 9 мектепте жүргізілді.
Профилактикалық бақылаудың жалпы қорытындысы:

-қайта аттестаттаудан өтпеуге себеп болған МЖББС  бұзушылықтары 8 мектепте жойылды. Оларға «Аттестатталды» деген нәтижемен қорытынды берілді;

-1 мектепке (Қаратерек ОМ) «Аттестатталмады» деген нәтижемен қорытынды берілді;

-1 мектепте (Қызылту ОМ) тексеру парақтарының тармақтары бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ;

-қалған 8 мектепте тексеру парақтарының басқа тармақтары бойынша сәйкессіздіктер анықталып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.