
2026 жылғы 10 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында білім беру жүйесін дамытуға қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Т. Таласбаева- Кеңес төрағасы, қатысушыларды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айқындалған білім беру саласының негізгі басымдықтарымен таныстырды.
Сондай-ақ отырыста Солтүстік Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттау барысында анықталған проблемалық бағыттардың нәтижелері қарастырылды.
Кеңес мүшелері анықталған негізгі мәселелерді талқылап, педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру және педагогикалық әдеп нормаларын сақтау бойынша алдағы жұмыс бағыттарын белгіледі.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.