
2026 жылғы 19 ақпанда Департамент қызметкерлерінің «Аманат» партиясының «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Викторович Зельмен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру мәселесіне арналған кездесуі өтті.
Жаңа Конституция жобасы қоғам өкілдері мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен алты ай бойы белсенді талқылаудан өтті. Талқылау барысында екі мыңға жуық ұсыныс түсті. Ұсынылып отырған өзгерістер қолданыстағы Конституцияның 84 пайызына әсер етеді.
Александр Викторович Ата Заңды жаңарту қоғамның әділеттілікке деген сұранысын көрсететінін және құқықтық институттарды нығайтуға бағытталғанын атап өтті, Конституцияның құндылықтық трансформациясына тоқталып өтті.
Билік құрылымындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды: Вице-президент институтын енгізу, бір палаталы Парламент — Құрылтай құру, сондай-ақ заң шығару процесіне қоғамдық қатысуды және атқарушы билік қызметіне бақылау жасауды қамтамасыз ететін орган ретінде Халық кеңесін қалыптастыру мәселелері сөз болды.