
2026 жылғы 13 ақпанда Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары мен облыстық әдістемелік орталық қызметкерлері Петропавл қаласының № 29 жалпы білім беретін мектебінде мониторинг өткізді.
Мамандардың назары кадрлық құрамға, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарынан өтуіне, «Адал Азамат» бағдарламасының жүзеге асырылуына, сондай-ақ мектеп ғимаратының санитарлық жағдайына, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуіне және оқушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз, жайлы орта қалыптастырылуына аударылды.
Мониторинг Оқу-ағарту министрі Ж. Д. Сүлейменова жетекшілігімен өткен іс-шаралардың хаттамалық тапсырмаларын орындау аясында жүргізілуде.
Мониторинг нәтижелері бойынша мектептің қызметі тиіс деңгейде ұйымдастырылғаны және оқу процесі белгіленген талаптарға сай жүргізілетіні расталды.