
2026 жылғы 12 ақпанда Білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің бас маманы М.Ж. Серікбаева «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ өкілдері үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында лицензияға қосымша алу үшін құжаттарды дұрыс ресімдеу мәселелері талқыланды.