
2025 жылғы 15 желтоқсандағы Оқу-ағарту министрі Ж.Д. Сүлейменованың төрағалығымен өткен кеңес қорытындысы бойынша берілген №50 хаттамалық тапсырманың 5.4 тармағын орындау мақсатында 2026 жылғы 11 ақпанда Петропавл қаласының №28 орта жалпы білім беретін мектебінің қызметіне мониторинг жүргізілді.
Мониторингті Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері облыстық әдістемелік орталық мамандарымен бірлесе отырып жүзеге асырды.
Іс-шара аясында мектептің жұмысына кешенді талдау жүргізілді: кадрлық қамтамасыз ету мәселелері, ішкі мектептік бақылау жағдайы, педагогтардың біліктілігін арттыру курстарынан өтуі, сондай-ақ «Адал Азамат» бағдарламасының іске асырылуы қаралды. Арнайы назар оқулықтармен қамтамасыз етілуге, мектеп ғимаратының, оқу кабинеттерінің, жалпы пайдаланылатын орындардың және мектептің жан-жайындағы аумақтың санитарлық жағдайына, сондай-ақ оқушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға аударылды.
Мониторинг қорытындысы бойынша мектептің қызметі тиісті деңгейде ұйымдастырылғаны, білім беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылатыны анықталды.