
Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева азаматтарды қабылдады.
Петропавл қаласының «Дарын» мектеп-лицейі» КММ директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Наталья Владиславловна Меньшенина сұрақпен жүгінді. Сұрақ мектептердегі мемлекеттік аттестаттау форматын өзгертуге қатысты болды.
Департамент басшысы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау форматын алдағыда жаңарту бойынша түсініктеме беріп, рәсім бақылауға емес, білім беру сапасы мен қолжетімділігін бағалауға бағытталатынын атап өтті.