
Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде 2025 жылғы 19 қарашада азаматтарды қабылдау өткізілді. Департамент басшысының міндетін атқарушы М.А. Панарина келушілердің лауазымға сәйкес білімге қатысты сұрақтарына жауап берді.
М.А. Панарина 2025 жылғы 20 қарашада облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен өткен Бірыңғай азаматтарды қабылдау күніне қатысты. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының басшысы А.А. Сурағановамен бірлесіп, келушілердің кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.